Қарақияға 100 доза вакцина жеткізілді

Қарақияға 100 доза вакцина жеткізілді

Жетібай ауылдық ауруханасына індетке қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасы жеткізіліп, екпе салу жұмыстары емханада жүргізілуде. Вакцинациялауға профилактикалық егуге қарсы көрсеткіштері жоқ адамдар жіберіледі.
Екпе салудан бұрын міндетті түрде арнайы медициналық тексеруден өткізіледі. Жетібай ауылдық ауруханасы жанындағы емхананың 4-ші кабинетінде екпе салу күнделікті демалыссыз жүргізілетін болады.

Вакцинациялау бойынша жауапты дәрігер-эпидемиолог Қапалина Динара Өмірзаққызы.
Жұмыс уақыты: 08:30-12:30
                                 13:30-17:30