Маңғыстау облысында ерікті түрде «Спутник V» вакцинасын алған медицина қызметкерлері екпенің 2 компонентін ала бастады. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев мәлім етті.
Оның айтуынша, бүгінге дейін барлығы 350 медицина қызметкері екпе алған. Вакцинаның бірінші компонентін алғандар 24 ақпан күні дәрігердің рұқсатынан кейін 2 рет вакцина салдырады.
«Ресейлік «Спутник V» вакцинасы екі компонентті: бірінші компонентті алғаннан кейін екіншісі 21 күннен кейін егіледі. Енді міне екінші компоненттің мерзімі басталды. Бұл кезең 1 наурызға дейін жалғасады», - деді Ғазиз Надуев.
Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы