
Қарақия ауданында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелеріне арналған жиын өтті.
Жиынға аудан әкімі аппаратының басшысы Мақсат Жұмасат төрағалық етіп, оған ауыл әкімдері мен бөлім басшылары, тиісті сала мамандары қатысты.
Жиналыс барысында мемлекеттік қызметшілер мен көмекші персоналдардың жұмыс уақытының режимін, іскерлік әдеп нормаларын сақтауы, әр сала бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру, алдағы уақытта жіберілген кемшіліктерді болдырмау бағытында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты ауыл әкімдері мен бөлім басшыларының қатаң бақылауға алуды тапсырды.
Сондай-ақ, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты бірінші басшылар және мамандар ауысқан жағдайда, ақпараттық жүйелерге мерзімінде есептік жазбаларды ашып, рұқсат беруді, ақпараттық жүйелерде ЭЦҚ арқылы жасалатын электрондық құжаттар мен операцияларға жауапты қызметкерлерді дер кезінде ауыстыру бойынша шара қабылдауды жүктеді.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.