Қарақия ауданының қасиетті аумақтарында тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді

Қарақия ауданының қасиетті аумақтарында тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Қарақия ауданының аумағындағы тарихи-мәдени және қасиетті орындарда тазалық, абаттандыру және қалпына келтіру жұмыстары ұйымдастырылды.

Жұмыстар барысында қасиетті нысандардың аумағы қоқыстан тазартылып, айналасы ретке келтірілді. Сонымен қатар, нысандардың сыртқы келбетін жақсарту және қоршаған ортасын абаттандыру бағытында тиісті жұмыстар атқарылды.

Қасиетті орындарды таза әрі көрікті ұстау – тарихи мұрамызға деген құрметтің белгісі. Аудан тұрғындары мен қонақтарын тазалықты сақтап, табиғи және тарихи нысандарға ұқыпты қарауға шақырамыз.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.