Құрық ауылының жағажай аумағында «Таза Қарақия» МКК қызметкерлерінің қатысуымен тазалық жұмыстары жүргізілді

Құрық ауылының жағажай аумағында «Таза Қарақия» МКК қызметкерлерінің қатысуымен тазалық жұмыстары жүргізілді

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жағажай аумағы тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, қоршаған ортаның санитарлық тазалығы мен көркейтілуіне ерекше көңіл бөлінді.

Тазалық жұмыстарының негізгі мақсаты – табиғи ортаны қорғау, жағажай аумағын таза әрі көрікті ұстау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

«Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаны қорғауға және туған жерге деген жауапкершілікті арттыруға бағытталған маңызды бастама. Табиғатты таза ұстау – баршамызға ортақ міндет!

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.