🧹 «Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы аясында Бостан ауылында тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде

🧹 «Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы аясында Бостан ауылында тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілуде

«Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы аясында Бостан ауылында санитарлық тазалықты сақтау және тұрғындарға қолайлы, таза орта қалыптастыру мақсатында асфальт жолдарды жуу және тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Көшелерді арнайы техникамен жуу барысында жол жабындысындағы шаң-тозаң, құм және ұсақ қоқыстар тазартылып, ауылдың көркі мен тазалығын сақтау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұл жұмыстар экологиялық жағдайды жақсартуға, тұрғындардың жайлы әрі қауіпсіз ортада өмір сүруіне оң әсерін тигізеді.

Бостан ауылдық округі әкімдігі ауылдың тазалығы мен абаттандырылуына бағытталған жұмыстарды алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғастырады.

Таза Қазақстан – таза ауылдан басталады! Тазалықты бірге сақтайық!

Бостан әкімдігі