Қарақия ауданында қылмыстың алдын алу жөніндегі кеңес отырысы өтті

Қарақия ауданында қылмыстың алдын алу жөніндегі кеңес отырысы өтті

Аудан прокуратурасының үйлестірумен аудан аумағында қылмыстың, оның ішінде, кәмелетке толмағандармен және оларға қатысты, сондай-ақ қоғамдық орындарда масаң күйде жасалатын қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстарының жай-күйіне арналған ведомствоаралық кездесу өткізілді.

Іс-шараға аудан прокуроры, маслихат төрағасы, аудандық полиция бөлімінің бастығы, ауылдық округ әкімдері, кәсіпкерлер, ардагерлер кеңесінің төрағасы, діни бірлестіктердің өкілдері, өндірістік мекемелердің өкілдері, сондай-ақ жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарының жауапты лауазымды тұлғалары қатысты.

Кездесу барысында аудан аумағындағы криминогендік ахуалға жан-жақты талдау жасалып, құқық бұзушылықтардың себептері мен оған ықпал ететін факторлар қарастырылды.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі