
2026 жылдың 21 шілде күні арнайы құрылған жұмыс тобы Құрық ауылында тұрғын үйлердің жанында заңсыз салынған құрылыс нысандарын ретке келтіру, санитарлық талаптардың сақталуын қадағалау мақсатында мониторингтік жұмыстарын жүргізді.
Тексеріс барысында анықталғанындай, ағымдағы жылдың мамыр айында 1 шағын аудан 21 үйдің меншік иелеріне түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ескерту берілгенімен, заң талаптарына сәйкес ескерту ескерілмегендіктен арнайы техникалардың көмегімен заңсыз құрылыстар бұзылып, орындары толықтай тазартылды.
Аталған жұмыстар ауылдың санитарлық тазалығын сақтау, қоғамдық кеңістіктерді ретке келтіру және елді мекеннің көркін жақсарту мақсатында тұрақты түрде жүргізілуде.
Құрық ауылы әкімдігі