ҚАРАҚИЯ АУДАНЫНДА ЖАҢА ҚҰДЫҚ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ҚАРАҚИЯ АУДАНЫНДА ЖАҢА ҚҰДЫҚ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Маңғыстау түбегіндегі табиғи климаттық жағдайдың күрделілігіне қарамастан, ауыл шаруашылығын, оның ішінде төрт түлік мал өсіруді қарқынды дамыту – аймақ экономикасының басты тиегі болып табылады. Осы орайда, Сенек ауылынан алдыңғы дөң аумағында жайылымдық жерлерді тиімді игеру және мал шаруашылығын өркендету бағытында маңызды әрі игі шара жүзеге асырылды.

Аудандық бюджет есебінен 2 құдық қазуға 16 миллион теңге қаражат бөлінген болатын. Аталған жоба аясында Сенек ауылының аумағынан құдық қазылып, жергілікті тұрғындар мен шаруалардың игілігі үшін пайдалануға берілді. Ал екінші құдықты Аққұдық ауылының аумағынан салу жоспарлануда. Алыс жайылымдарды суландыру арқылы мал басын көбейтуге жол ашатын бұл жоба ауылдық елді мекендегі өзекті де күрмеулі су мәселесін оңтайлы шешуге зор ықпалын тигізбек. Сондай-ақ, жаңадан іске қосылған су көзі шөлдегі төрт түлікті тұрақты әрі сапалы ауызсумен қамтамасыз етіп, аймақтағы шаруа қожалықтарының жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі