
Ұлттық әдебиетіміздің іргетасын қалап, сөз өнерінде өшпес із қалдырған біртуар тұлғалардың бірі-Қашаған Күржіманұлы. Биыл арқалы ақынның туғанына 185 жыл толып отыр. Осы айтулы күнге орай Қарақия ауданына қарасты, Мұнайшы ауылында «Қашағанның өнегелі жолы» атты мазмұнды да тағылымы мол әдеби-танымдық кеш өтті. Бұл шара тек бір ақынды еске алу ғана емес, тұтас бір дәуірдің рухани бейнесін жаңғырту, жас ұрпаққа ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу мақсатын көздеген маңызды қадам болды.
Қатысушылар Қашағанның қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік орнын, оның сөз зергері ретіндегі асқан шеберлігін ерекше атап өтті. Сахна төрінде ақынның жүрек қылын шертетін әуелеген әндер мен күйлер кештің шырайын кіргізді. Көрермендер қауымы ұлы тұлғаның рухымен сырласқандай күй кешіп, ерекше рухани әсерге бөленді.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі