ҚАРАҚИЯЛЫҚ ЖАСТАР ҚҰРЫҚ АУЫЛЫНДАҒЫ «КМНГР» САЯБАҒЫНДА ӘДЕБИ КЕШ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

ҚАРАҚИЯЛЫҚ ЖАСТАР ҚҰРЫҚ АУЫЛЫНДАҒЫ «КМНГР» САЯБАҒЫНДА ӘДЕБИ КЕШ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Бүгінгі таңда жас буынның интеллектуалды әлеуетін көтеру мен олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру-қоғам дамуының басты бағыттарының бірі. Осы орайда, Қарақия аудандық жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған еріктілер тобы өңірдегі мәдени-ағартушылық бағыттағы шараларды жандандыру мақсатында айтулы бастама көтерді. Еріктілер қауымы жастар арасында кітап оқу мәдениетін насихаттау және кітапқа деген қызығушылықты арттыру мақсатында табиғат аясында ашық аспан астындағы әдеби басқосу ұйымдастырды. Шараның өтетін орны ретінде жақында ғана жергілікті тұрғындардың игілігіне пайдалануға берілген, заманауи үлгідегі «КМНГР» саябағының таңдалуы да жиынның мазмұнын аша түскендей.

Әдеби кездесу барысында аудан жастары мен белсенді еріктілер өздерінің оқыған сүйікті шығармаларымен бөлісіп, көркем әдебиеттегі өзекті тақырыптар төңірегінде еркін пікір алмасты. Қатысушылар тек отандық емес, әлемдік классикалық туындыларды да ортаға салып, қызықты сюжеттер мен кейіпкерлердің болмысын жан-жақты талқылады. Таза ауада, бейресми қалыпта өткен бұл тағылымды шара жас толқынның рухани дамуына тың серпін беріп, олардың ой-өрісін кеңейтуге, шешендік өнерлері мен танымдық қабілеттерін ұштауға үлкен септігін тигізді.

Кітап оқу-адам баласын білім мен парасаттылықтың биік белестеріне жетелейтін бірден-бір даңғыл жол. Ал оқыған дүниені ортада талқылау, оған талдау жасау-жастардың бойында жаңа идеялардың туындауына, сыни ойлау жүйесінің қалыптасуына және әлемге деген жаңа көзқарастың орнығуына негіз болады. Аудан еріктілерінің бұл бастамасы қоғамда интеллектуалды ұлт қалыптастыру идеясымен үндесіп қана қоймай, жергілікті жастардың кітапқа, білімге деген құштарлығын оятудың озық үлгісіне айналды. Мұндай мәдени-рухани шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, аудан өрендерінің шығармашылық тұрғыдан шыңдалуына қызмет ете бермек.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз