Жастарға жаңа Конституция талаптары түсіндірілді

Жастарға жаңа Конституция талаптары түсіндірілді

Мемлекеттің құқықтық негізін нығайтып, қоғамдық қатынастарды жаңа сатыға көтеретін Ата Заң реформалары-ел болашағының басты кепілі. Осы орайда, бүгіннен бастап ресми түрде күшіне енген жаңа Конституцияның нормаларын жас буын өкілдеріне кеңінен таныстыру және оның мән-маңызын ұғындыру мақсатында арнайы ақпараттық-түсіндіру шарасы ұйымдастырылды. Елдің ертеңі саналатын жастардың құқықтық мәдениетін көтеріп, саяси сауаттылығын арттыруды көздеген бұл басқосу сындарлы диалог алаңына айналды. Жиынға арнайы қатысқан аудандық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Бегниязов пен аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Конституцияға енгізілген түбегейлі өзгерістердің мәні мен негізгі қағидаттарын бүге-шігесіне дейін талдап берді.

Кездесу барысында спикерлер Ата Заңның қоғамдық тұрақтылық пен мемлекеттік институттарды дамытудағы айрықша рөліне тоқталып, әрбір азаматтың құқықтары мен міндеттерінің теңгеріміне баса назар аударды. Жаңа құқықтық нормалардың ел өміріне әкелетін оң ықпалы мен демократиялық процестерді тереңдетудегі маңызы жан-жақты сөз болды. Еркін форматта өткен ашық пікір алмасу сәтінде жастар өздерін мазалаған өзекті сауалдарын қойып, білікті мамандардан тұшымды әрі нақты жауаптар алды. Бұл шараның түпкі мақсаты-тек заңнамалық өзгерістерді жеткізу ғана емес, жас ұрпақтың бойында мемлекеттік заңдарға деген шынайы құрмет сезімін ұялатып, құқықтық мемлекет құру ісіне жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі