БОСТАН АУЫЛЫНДАҒЫ ҚОСАЛҚЫ ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІ ТОЛЫҚТАЙ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

БОСТАН АУЫЛЫНДАҒЫ ҚОСАЛҚЫ ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІ ТОЛЫҚТАЙ  ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Қарақия ауданына қарасты Бостан ауылында көптен бері өзекті болып келген электр энергиясының сапасы мен тұрақтылығына қатысты мәселе оңтайлы шешімін тапты.

Ауыл ішіндегі ескі электр желілерінің жиі істен шығуына байланысты туындаған қиындықтарды жою мақсатында қазіргі таңда қосалқы желіні қосу жұмыстары аяқталды.

Осыған орай, аудан  әкімдігінің бақылауымен Бостан ауылына 2015-2017 жылдары салынып, іске қосылмай қалған электр желісін қайта өңдеп, жаңартылған жоба халықты үздіксіз әрі сапалы электр қуатымен қамтамасыз етуді көздейді.

Іске қосылған қосалқы электр желісі негізгі жүйеге түсетін салмақты азайтып, электр энергиясын тұрақты түрде беруге мүмкіндік береді. Аталған ауқымды жұмыстарды «Тұрмыс Сервис» МКК мен «МӨЭК» АҚ, Жаңаөзен қалалық филиалы мекемелері жүзеге асырды. Ауыл тұрғындарының жайлылығы мен қауіпсіздігі үшін жасалып жатқан бұл жұмыстар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін бермек.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі