ҚАРАҚИЯ АУДАНЫНДА КОММУНАЛДЫҚ САЛАНЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТТЫ: ЖАҢА АРНАЙЫ ТЕХНИКАЛАР ҚЫЗМЕТКЕ КІРІСТІ

ҚАРАҚИЯ АУДАНЫНДА КОММУНАЛДЫҚ САЛАНЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТТЫ: ЖАҢА АРНАЙЫ ТЕХНИКАЛАР ҚЫЗМЕТКЕ КІРІСТІ

24 маусымда Қарақия ауданының орталығы-Құрық ауылында аймақтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды шара өтті. Аудан әкімі Сымбат Төретаев жергілікті коммуналдық саланың материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында сатып алынған жаңа заманауи арнайы техникалардың кілтін салтанатты түрде табыстады.

Аталған бастаманың негізі өткен жылдың соңында қаланған болатын. Нақтырақ айтқанда, 2025 жылғы желтоқсан айында «Қарақия аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі мен «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ арасында ауқымды келісімдер жасалды. Қаржылық лизинг аясында 5 маңызды шартқа қол қойылды. Осы жүйелі жұмыстардың нәтижесінде ауданның тазалығы мен абаттандырылуына тікелей үлес қосатын 12 дана су жаңа арнайы техника сатып алынып, бүгінде аудан орталығына толықтай жеткізілді.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі