
Маңғыстау облысында ауылдық елді мекендерді көркейту, өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын ұстануына жағдай жасау бағытындағы жүйелі жұмыстар өз нәтижесін беруде. 2025 жылдың 23 қазанында Қарақия ауданына қарасты Мұнайшы ауылында заманауи ангар типіндегі жаңа спорт залының салтанатты ашылуы өтті.
Аталған нысанның ресми ашылу рәсіміне Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай арнайы қатысып, жергілікті тұрғындардың қуанышымен бөліскен болатын.
Бүгінгі таңда бұл спорт нысаны жай ғана ғимарат емес, ауыл жастарын тәрбиелейтін, олардың шеберлігін шыңдайтын нағыз шынығу орталығына айналып, қарқынды жұмыс істеп тұр. Қазіргі уақытта кешенде күрес түрлері, футбол, волейбол және баскетбол үйірмелері тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Ең бастысы, нысанда спортшылар үшін барлық жайлылық ескерілген. Заманауи талаптарға сай жабдықталған спорт залында заттай құндылықтарды сақтайтын арнайы қойма, кең әрі ыңғайлы киім ауыстыру бөлмелері, заманауи жуыну орындары мен қабылдау бөлмесі қарастырылған. Бұл келушілердің еш алаңсыз, жоғары деңгейде жаттығуына мүмкіндік береді.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі