
Аудандағы елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту және халықпен тікелей байланысты нығайту мақсатында аудан басшылығының жұмыс сапарлары жалғасуда. Кезекті жұмыс сапары аясында Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев Болашақ ауылдық округіне арнайы барып, жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. Ашық диалог алаңына айналған жиынға ауыл ақсақалдары, қоғамдық белсенділер, жергілікті тұрғындар және тиісті салалық бөлім басшылары қатысты.
Кездесу барысында Болашақ ауылдық округінің тұрғындары тарапынан елді мекеннің тыныс-тіршілігіне тікелей байланысты бірнеше өзекті мәселе көтерілді.
Ауылдың әлеуетін көтеру ортақ міндет екенін алға тартқан аудан басшысы қойылған әрбір сауал мен ұсыныс назардан тыс қалмайтынын, бюджет мүмкіндіктері мен заңнама талаптарына сәйкес, коммуналдық және әлеуметтік мәселелерді кезең-кезеңімен шешу жолдары қарастырылатынын мәлімдеді.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі