Бозжыраға барар жол: Қарақия ауданындa ауқымды инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда

Бозжыраға барар жол: Қарақия ауданындa ауқымды инфрақұрылымдық жоба жүзеге асырылуда

Өңірдің туристік әлеуетін арттыру және көлік инфрақұрылымын дамыту-бүгінгі күннің басты талаптарының бірі. Осы бағытта Маңғыстаудың інжу-маржаны саналатын бірегей табиғи нысан-Бозжыра шатқалына апаратын автомобиль жолының құрылысы қарқынды жүруде. Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев аталған маңызды нысанға арнайы барып, құрылыс-монтаж жұмыстарының барысын өз бақылауына алды. Кестеге сәйкес атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысқан аудан басшысы жауапты мердігерлер мен сала басшыларына жобаның сапалы әрі мерзімінде аяқталуын шегелеп тапсырды.

«Бозжыра шатқалының қарау нүктесіне бару» деп аталатын аудандық маңызы бар автомобиль жолының жалпы ұзындығы 14,9 шақырымды құрайды. Бұл бағыт туристер мен жергілікті тұрғындардың табиғи қорық аймағына қауіпсіз әрі жайлы жетуін қамтамасыз етпек. Жобалық-сметалық құжаттамасы алдын ала жасақталып, 2025 жылы іске асыру мақсатында ұйымдастырылған ашық конкурс нәтижесінде жеңімпаз мердігер мекеме ретінде «Ақжол Құрылыс» ЖШС анықталып, келісімшарт жасалған болатын. Құрылыс жұмыстарының жалпы құны 3,2 млрд теңгені құрайды.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі