«Салауатты отбасы – жарқын болашақ» атты отбасылық спорттық эстафета ұйымдастырылды

«Салауатты отбасы – жарқын болашақ» атты отбасылық спорттық эстафета ұйымдастырылды

Халықаралық  отбасы күні қарсаңында  Қарақия аудандық «Салауатты отбасы – жарқын болашақ» атты отбасылық спорттық эстафета ұйымдастырылды.

Шараны Қарақия аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің тапсырысымен, аудандық аналар кеңесімен бірлесіп өткізді.

Іс-шараның басты мақсаты – аудан тұрғындары арасында салауатты өмір салтын дәріптеу, отбасылық бірлікті нығайту және белсенді демалыс мәдениетін қалыптастыру.

Қарақия кәсіптік колледжінің спорт залында өткен  эстафетаға Демесовтар, Бишеновтар,  Мұхамбетқалиевтар, Нұршабаевтар, Жексенбаевтар, Бисенбаевтардың отбасылық командалары бақ сынады.

 Шара қорытындысы бойынша

 1 орын Демесовтер отбасы

 Диплом және 50 000 теңгенің сертикаты

 2 орын Бишеновтер Диплом және 40000 теңге сертификаты

3 орын Мұқанбетқалиевтер  отбасы Диплом және 40000 теңгенің сертификатымен  марапатталды. Қалған  қатысушылар арнайы номинация дипломдарымен  марапатталып 10000 теңгенің сертификатымен  ынталандыру сыйлықтарын иеленді.