Қарақияда айбынды мереке аталып өтті

Қарақияда айбынды мереке аталып өтті

7 мамыр күні Қарақия ауданында 7 мамыр-Отан қорғаушылар күніне орай «Ұранды ердің-ұрпағы қайсар» атты салтанатты мерекелік концерт өтті. Рухы биік, мазмұны терең шара ел шетінде, жел өтінде жүрген айбынды жауынгерлеріміз бен Отан алдындағы борышын өтеуші ер-азаматтардың құрметіне арналды.

Концерттік бағдарлама «Ұранды ердің-ұрпағы қайсар» тақырыбына сай өрбіп, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдары өз өнерлерін ортаға салды. Қарақия ауданында өткен бұл мерекелік кеш өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуде, елдік сананы қалыптастыруда маңызды рөл атқарды.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі