
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Маңғыстау облысының Қарақия ауданында қоршаған ортаны қорғау және санитарлық тазалықты сақтау бағытындағы кешенді жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Аталған бастама өңірдегі экологиялық ахуалды жақсартуға, тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
2026 жылғы 26 сәуір күні Құрық және Жетібай ауылында орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында кезекті сенбілік ұйымдастырылды. Тазалық жұмыстарына ауданға қарасты барлық мекеме мен бөлімдердің қызметкерлері белсенді түрде атсалысты. Жалпы саны 560-тан астам адам жұмылдырылып, арнайы техника ретінде 15 бірлік техника тартылды.
Жүргізілген жұмыстар барысында 100 текше метр қоқыс арнайы белгіленген орындарға жеткізілді. Сонымен қатар, аумақты абаттандыру, ретке келтіру және санитарлық талаптарға сәйкестендіру шаралары да қатар жүргізілді.
Айта кету керек, «Таза Қазақстан» акциясы аясында өңірдің барлық ауылдық округтерінде тұрақты түрде сенбіліктер ұйымдастырылып, қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен іске асырылуда.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі