Қарақия аудандық орталық кітапханасында «Ұлттық кітап күні» атты іс-шара өтті.

Қарақия аудандық орталық кітапханасында «Ұлттық кітап күні» атты іс-шара өтті.

23 сәуір-Қазақстанда мемлекет басшысының бастамасымен бекітілген «Ұлттық кітап күні»қарсаңында Қарақия аудандық орталық кітапханасында «Ұлттық кітап күні» атты іс-шара өтті.Шараның мақсаты-оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітаптың адам өміріндегі маңызын насихаттау, оқырмандық мәдениетті қалыптастыру және жас ұрпақтың рухани-мәдени дамуына ықпал ету.Іс-шара барысында оқырмандар назарына қазақтың көрнекті ақын-жазушыларына арналған мазмұнды кітап көрмесі ұсынылды.

Көрмеде ұлт зиялылары мен әдебиет майталмандарының еңбектері таныстырылып, қатысушылар олардың өмірі мен шығармашылығы туралы тың мәліметтер алды.Кештің екінші бөлімінде оқырмандар белсенді қатысып, түрлі танымдық ойындар арқылы білімдерін сынап, тапқырлықтары мен шапшаңдықтарын көрсетті. Әсіресе мақал-мәтелдерді ассоциация арқылы табу, пазл құрастыру және логикалық тапсырмалар қатысушылардың қызығушылығын арттырды. Іс-шараның ерекше бөліктерінің бірі-буккроссинг болды. Қатысушылар өздері оқыған кітаптарын ортаға ұсынып, келесі оқырманға арнап жылы лебіздері мен тілектерін қалдырды. Бұл кітапқа деген сүйіспеншілікті арттырып, оқырмандар арасында рухани байланыс орнатуға мүмкіндік берді.