«Ашық есік күні»: БЖЗҚ жаңа инвестициялық портал ұсынады

«Ашық есік күні»:  БЖЗҚ жаңа инвестициялық портал ұсынады

2026 жылдың 28 сәуірінде сағат 10:00 «БЖЗҚ» АҚ барлық ниет білдірушілерді "Ашық есік күні" дәстүрлі онлайн-кездесуіне шақырады. 

Іс-шара тақырыбы: "БЖЗҚ инвестициялық порталы – зейнетақы активтері туралы ақпарат".

Кездесу барысында сіз келесі мәліметтермен таныса аласыз:

  • платформа қалай жұмыс істейді;
  • зейнетақы активтерін инвестициялау жүйесінің құрылымы қандай;
  • инвестициялық көрсеткіштерді қалай талдап, стратегияларды қалай салыстыруға болады;
  • басқарушыны таңдағанда неге назар аудару керек;
  • өз мүмкіндіктеріңізді саралау үшін invest.enpf.kz порталын қалай пайдалануға болады;
  • салымшылардың болашақ зейнетақыға әсер ету үшін қандай нақты құралдары бар.

Негізгі күн тәртібінен бөлек, қатысушылар білікті мамандардан жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысты барлық сауалдарына ақыл-кеңес ала алады. 

Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. 

Көрсетілген уақытта сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=m1506e5d18f4d8146c204edbd763c27b3

Еvent-мәжіліс нөмірі: 2518 700 8124

Еvent-мәжіліс құпиясөзі: 10203040