Бостан ауылында инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда

Бостан ауылында инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда

14 сәуір күні Маңғыстау облысы Қарақия ауданына қарасты Бостан ауылында инфрақұрылымды дамытуға бағытталған маңызды жұмыстар жалғасын табуда. Атап айтқанда, елді мекенде жаңа электр желісін тарту жұмыстары жүргізіліп, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға баса мән берілуде.

Жаңа линия тарту жобасы ауылдағы электрмен жабдықтау жүйесін жаңғыртып, оның тұрақтылығы мен сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл өз кезегінде тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға электр қуатын үздіксіз жеткізуге мүмкіндік береді. Мамандардың айтуынша, аталған жұмыстар заманауи талаптарға сай жүзеге асырылып, қауіпсіздік нормалары толық сақталуда.

Сонымен қатар, ауыл ішіндегі бірқатар көшелерде көше жарығын орнату жұмыстары да қатар жүргізілуде. Бұған дейін жарықтандырылмаған көшелерге шамдар қойылып, түнгі уақытта тұрғындардың қауіпсіз жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасалмақ. Жарық жүйесін орнату-ауылдың көркін арттырып қана қоймай, құқық бұзушылықтың алдын алуға да ықпал ететін маңызды шаралардың бірі.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі