Бостан ауылында электр инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары қарқын алуда

Бостан ауылында электр инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары қарқын алуда

2026 жылғы 13 сәуірде Қарақия ауданына қарасты Бостан ауылында электр желілерін жаңғырту және сенімділігін арттыру бағытындағы кешенді жұмыстар жүргізілуде. Аталған шаралар өңірдегі энергетикалық инфрақұрылымды кезең-кезеңімен жетілдіру бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда.

Бүгінгі таңда мамандар резервтік №3 ұяшықты іске қосу мақсатында 6 кВ әуе желісінде демонтаж жұмыстарын атқаруда. Бұл жұмыстар электрмен жабдықтау жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге, апаттық жағдайлардың алдын алуға және тұтынушыларға үздіксіз энергия жеткізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, ауыл ішіндегі көше жарығы жеткіліксіз немесе мүлде жоқ учаскелерге ерекше көңіл бөлінуде. Жоба аясында жаңа желілер тартылып, заманауи травестер орнату арқылы жарықтандыру жүйесі кеңейтілуде. Нәтижесінде, тұрғындардың қауіпсіздігі артып, елді мекеннің түнгі келбеті жақсара түспек.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі