Қарақия ауданында аппараттық жиналыс өтті

Қарақия ауданында аппараттық жиналыс өтті

7 сәуір күні Қарақия ауданы әкімдігінде аудан әкімі Сымбат Қуанышұлы Төретаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиналыс өтті. Жиын барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралып, жауапты сала басшыларының есептері тыңдалды.

Аппараттық кеңесте «Таза-Қарақия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жыл басынан бері атқарған жұмыстары мен алдағы міндеттері, бюджетке кіріс бөлігінің орындалуы және қосымша түсім көздері, сондай-ақ коммуналдық тұрғын үйлерді түгендеу және арендалық төлемдердің жиналу барысы жан-жақты талқыланды.

Атап өтілгендей, Таза-Қарақия кәсіпорны «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында және аудан әкімдігінің қаулысына сәйкес 2025 жылғы 28 қаңтарда құрылған. Бүгінде кәсіпорында 82 қызметкер еңбек етеді. Жиында мекеме директорының міндетін атқарушы Алдаберген Оңдағанұлы Елубаев жүргізіліп жатқан жұмыстардың жүйелі түрде жүзеге асып жатқанын атап өтті.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі