Қарақия ауданының әкімі тұрғындарды жұмыссыздық мәселесі бойынша қабылдады

Қарақия ауданының әкімі тұрғындарды жұмыссыздық мәселесі бойынша қабылдады

2 сәуір күні Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев Құрық және Мұнайшы ауылдарында тұрғындарды жұмыссыздық мәселесі бойынша қабылдады. Сондай-ақ кездесу барысында жаңа жобалар туралы толық ақпарат берілді.

Жеке қабылдау кезінде тұрғындар жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті дамыту және жастарға арналған әлеуметтік бағдарламаларға қатысты сұрақтарын көтерді. Әкім Сымбат Төретаев әрбір өтінішті мұқият тыңдап, тиісті ведомстволармен бірлесіп, нақты шешімдер қабылдау қажеттігін атап өтті.

Кездесудің басты мақсаты-аудан тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту, жұмыссыздықты азайту және жергілікті экономикаға серпін беру. Қазіргі уақытта жұмыссыздық аудан үшін маңызды және өзекті мәселе болып отыр. Сондықтан мұндай қабылдаулар тұрғындардың проблемаларын тікелей тыңдап, нақты шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Әкім Сымбат Төретаевтың айтуынша, алдағы уақытта жаңа жұмыс орындарын ашу мен кәсіпкерлікті дамыту арқылы аудан тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту басты басымдық болады. Мұндай іс-шаралар жұмыссыздықты төмендетіп, Қарақия ауданының тұрақты дамуына үлес қосатыны сөзсіз.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі