
2026 жылдың 31 наурыз күні Қарақия ауданында халыққа мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді қолжетімді әрі түсінікті түрде жеткізу мақсатында жәрмеңке ұйымдастырылды. Іс-шараны «Қарақия ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өткізді.
Жәрмеңке аясында аудан тұрғындарына мемлекеттік қызмет көрсету саласының түрлі бағыттары бойынша жан-жақты ақпарат берілді. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы, мәдениет, спорт және дене шынықтыру, әлеуметтік қамтамасыз ету, экономика және қаржы, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу бағыттары бойынша қызмет көрсететін мамандар қатысып, келушілердің сұрақтарына толық әрі нақты жауап ұсынды.
Іс-шара барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелер бойынша тікелей сала мамандарына жүгініп, қажетті кеңестер алды.
Жәрмеңкенің басты мақсаты-азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі мен құқықтық негіздерін кеңінен түсіндіру, сондай-ақ кез келген туындаған сұрақтар бойынша кәсіби көмек көрсету болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай форматтағы кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табады.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі