
Елімізде өтіп жатқан референдум аясында азаматтардың белсенділігі жоғары деңгейде байқалуда. Мемлекет өміріндегі маңызды саяси науқанға қоғамның түрлі өкілдері қатысып, өз азаматтық ұстанымдарын білдіруде. Солардың қатарында мемлекеттік қызметкерлер мен жергілікті атқарушы орган басшылары да бар.
Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев референдум күні учаскеге арнайы келіп, өз дауысын берді. Аудан басшысы бұл маңызды саяси шараға қатысу – әрбір азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігінің көрінісі екенін атап өтті.
Айта кетейік, Қарақия ауданында референдумды өткізу үшін барлығы 18 референдум учаскесі жұмыс істеуде. Аудандағы дауыс беру құқығына ие 19 273 сайлаушы осы учаскелерде өз таңдауларын жасауға мүмкіндік алып отыр.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі