Аудан басшысы көп балалы аналарды мерекемен құттықтады

Аудан басшысы көп балалы аналарды мерекемен құттықтады

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев Құрық және Жетібай  ауылындағы ауданның құрметті көп балалы  және ел дамуына үлес қосқан алтын құрсақты аналарды  арнайы барып мерекемен құттықтады.

Аудан басшысы кездесуде аналардың қоғамдағы рөлі мен отбасы тәрбиесіндегі орны айрықша екенін атап өтіп, саналы ғұмырын еңбек пен тәрбиеге арнаған аналарға көп жылдық еңбегі мен өнегелі өмір жолы үшін алғыс білдірді. Оларға мерекелік гүл шоқтары мен сый-сияпаттар табысталып, ақжарма тілектер айтылды.

Аналар қауымы да ризашылықтарын білдіріп, ел бірлігі мен берекесі арта беруіне тілектестік танытты.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі