Қарақия ауданында Е-өтініш жүйесіне келіп түскен өтініштер бақылауда

Қарақия ауданында Е-өтініш жүйесіне келіп түскен өтініштер бақылауда

Қарақия ауданы әкімдігіне қарасты Е-өтініш ақпараттық жүйесінде тұрғындардың өтініштеріне жауап беру мәселесі бойынша жиналыс өтті. Аталған жиынға аудан әкімінің аппарат басшысы Берекет Ерденбайұлы жетекшілік етті.

Жиналыстың мақсаты-тұрғындардың Е-өтініш жүйесіне келіп түскен өтініштерін бақылауды күшейту және олардың уақытында, сапалы түрде өңделуін қамтамасыз ету. 2025 жылы жүйеге барлығы 574 өтініш түскен, олардың барлығы бақылауға алынған. Жиналыс барысында өтініштердің тиімді өңделуі мен жауап беру процесін жақсарту жолдары қарастырылды.

Берекет Ерденбайұлы қатысушыларға жүйенің жұмысын әрі қарай жетілдіру үшін әрбір маманның жоғары деңгейде жауапкершілікпен жұмыс істеу қажеттігін атап өтті. Е-өтініш жүйесі тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін жеңілдетіп, уақытты үнемдеуге мүмкіндік беретін маңызды құрал болып табылады. Осы жүйе арқылы азаматтардың өтініштеріне жылдам әрі дұрыс жауап беруді қамтамасыз ету-басты мақсаттардың бірі.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі