
Қарақия ауданының орталығы Құрық ауылындағы Орталық саябақ көшесінде жоғары кернеулі электр желілері мен бағаналардың тозығы жеткендіктен, оларды жаңасына ауыстыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Жұмыстарды ұйымдастыруға жергілікті әкімдікпен қатар МРЭК АҚ, Тұрмыс-Сервис МКК және Мұнай көлік басқармасы ЖШС қызметкерлері мен арнайы техникалары жұмылдырылған. Мамандар электр бағаналарын кезең-кезеңімен жаңартып, желілердің қолданыстағы қауіпсіздік талаптарына толық сәйкестігін қамтамасыз ету және ықтимал апаттық жағдайлардың алдын алу мақсатында кешенді техникалық жұмыстарды жүзеге асыруда.
Жаңғырту жұмыстарының негізгі мақсаты- Орталық саябақ аумағының қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Электр желілері мен бағаналардың тозуы тұрғындар үшін қауіп төндіруі мүмкін болғандықтан, жүргізіліп жатқан шаралар азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған. Аталған жұмыстар толық аяқталғаннан кейін саябақ аумағына келушілер үшін қауіпсіздік деңгейі едәуір артып, сенімді әрі заманауи инженерлік инфрақұрылым қалыптасады. Сондай-ақ бұл шара ауданның инфрақұрылымдық әлеуетін нығайтып, әлеуметтік маңызы бар нысандарды сапалы электр қуатымен қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі қадамдардың бірі болып табылады.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі