
18 ақпан күні Қарақия ауданында Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізілді. Жиынға ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына жауапты мемлекеттік органдардың басшылары мен қоғамдық кеңес мүшелері қатысып, 2025 жылы атқарылған жұмыстардың қорытындысын саралап, 2026 жылға арналған басым бағыттарды айқындады.
Қоғамдық кеңес отырысына Қарақия ауданы әкімінің міндетін атқарушы Санат Төкенов, Қарақия аудандық мәслихат төрағасы Қалаубай Жанғабыл Бекмолдаұлы, сондай-ақ AMANAT партиясы Қарақия аудандық филиалының атқарушы хатшысы Көшенов Қыйлымғали Тұрсынғалиұлы қатысты. Сонымен қатар, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық полиция бөлімі, ветеринария саласының өкілдері, бөлім басшылары, Құрық ауылы әкімі мен тиісті сала мамандары шақырылды.
Күн тәртібіндегі негізгі үш мәселе қаралды. Алғашқы мәселе бойынша Қарақия аудандық мансап орталығының басшысы Нұрбол Қонарбаев 2025 жылы аудан көлемінде жұмыссыздық деңгейін төмендету бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Оның айтуынша, есепті кезеңде мемлекеттік бағдарламалар аясында жаңа жұмыс орындарын ашу, жастар тәжірибесін ұйымдастыру, қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарын өткізу және әлеуметтік осал топтарды еңбекке тарту шаралары жүйелі түрде жүзеге асырылған.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі