Бостан ауылындағы электр желілерінің жай-күйі зерделенді

Бостан ауылындағы электр желілерінің жай-күйі зерделенді

Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев жұмыс сапары аясында Бостан ауылына арнайы барып, тұрғындарды алаңдатқан электр энергиясына қатысты мәселелердің жай-күйімен танысты. Соңғы уақытта ауылда жарықтың бірнеше рет сөнуі тіркеліп, бұл жағдай халық арасында алаңдаушылық туғызған болатын.

Сапар барысында аудан басшысы жауапты сала мамандарымен бірге электр желілерінің техникалық жағдайын қарап, ақау орын алған учаскелерді зерделеді. Тексеру жұмыстары нәтижесінде жарықтың үзілуіне себеп болған нақты факторлар анықталып, тиісті шаралар қабылданды. Атап айтқанда, желілерге техникалық тексеріс жүргізіліп, қажетті жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары орындалды.

Мамандардың мәліметінше, электр қуатының уақытша сөнуіне желілердің жүктемесі мен кейбір техникалық ақаулар әсер еткен. Қазіргі таңда анықталған кемшіліктер жойылып, электрмен қамту жүйесінің жұмысы тұрақтандырылды. Жауапты мекемелер тарапынан алдағы уақытта мұндай жағдайлардың алдын алу үшін қосымша бақылау мен профилактикалық шаралар күшейтілетін болады. Қазіргі таңда Бостан ауылындағы электр жүйесінің жағдайы тұрақты.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі