Қарақия ауданында Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне арналған ашық сабақ өтті

Қарақия ауданында Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне арналған ашық сабақ өтті

Бүгін Қарақия ауданында 1 наурыз-Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай Құрық ауылының №6 орта мектебінде маңызды іс-шара ұйымдастырылды. Мектептің 10-сынып оқушыларымен азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға арналған ашық сабақ пен оқу сабағы өткізілді.

Іс-шараның басты мақсаты-оқушылардың төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру, азаматтық қорғаныс саласындағы білім деңгейін арттыру және жеке қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға үйрету болды. Сабақ барысында оқушыларға табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, олардың алдын алу жолдары, сондай-ақ қауіп туындаған жағдайда атқарылатын нақты іс-қимылдар түсіндірілді.

Ашық сабақ интерактивті форматта өтіп, оқушылар белсенді түрде сұрақтар қойып, өз ой-пікірлерін білдірді. Теориялық ақпаратпен қатар практикалық мысалдар келтіріліп, қауіпсіздік ережелерін сақтау маңыздылығы ерекше атап өтілді. Мұндай оқу сабақтары өскелең ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруда, олардың кез келген төтенше жағдайға дайын болуына ықпал ететіні сөзсіз. Ұйымдастырушылардың айтуынша, алдағы уақытта да осындай мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор іс-шаралар өз жалғасын табатын болады.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі