
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024 - 2029 жылдарға арналған тұжырымдамада «Азаматтардың мүддесінде жүзеге асырылатын және қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтитын мемлекеттік қызметшілер қызметінің ерекшелігі олардың ерекше рөлін айқындайтындығы» - көрсетілген. Сондықтан оның тиімділігіне кедергі келтіруі және теріс әсер етуі мүмкін мемлекеттік қызметшінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғу оның жеке құқықтары мен бостандықтарына ғана емес, азаматтар мен қоғамның мүдделеріне де әсер етеді.
Алайда қызметкерлердің айтарлықтай санаты мұндай қорғаудан тыс қалады. Мемлекеттік қызметшінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне әсер ететін әрекеттер ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың демотивациясына және құлдырауына, сайып келгенде, мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтер сапасының төмендеуіне әкеледі.
Осыған орай, Агенттіктің ең негізгі қызметтерінің бірі мемлекеттік қызметшілердің мүдделерін қорғау және құқықтары бұзылған мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қалпына келтіру болып табылады.
Маңғыстау облысында 2025 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша аумақтық Департаменттің мемлекеттік қызмет саласын бақылау бағыты бойынша 181 арыз-шағым қаралып, арыз-шағымдарды қарау нәтижесінде 31 азамат пен мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғау бағытында тиісті шешімдер қабылданды.
Департаменттің бақылау бағытында мемлекеттік қызметкерлер мен азаматтардың арыздары бойынша 30 жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізу арқылы қаралды.
Соның ішінде 2025 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша 24 мемлекеттік қызметкердің құқықтары қалпына келтірілді.
Атап айтқанда, Соттар әкімшілігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіндегі 10 мемлекеттік қызметкердің ұжымдық арызы қаралды. Арызда мемлекеттік қызметкерлердің жыл сайынғы еңбек демалысының кестесі бекітілмегендігіне байланысты құқықтарын қалпына келтіруді сұраған. Тексеру барысында арыз иелері 2025 жылға арналған кезекті еңбек демалыстарының кестесінде олардың жұмыс берушісімен бекітілмегендігі белгілі болды.
Осыған сәйкес, аумақтық департаментпен бақылау бағытында жүзеге асырылған тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыну енгізіліп, нәтижесінде 10 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қалпына келтірілді.
Бұдан басқа, Департаментпен қаралған арыз-шағымдар арасында М есімді мемлекеттік қызметші тарапынан, ұжымдағы А есімді мемлекеттік қызметшіге қатысты Әдеп нормаларына қарсы мінез-құлық танытқаны үшін, қызметкерге тәртіптік шара қолдану туралы ұсыным енгізіліп, тиісті шара алынды.
Маңғыстау облысының дін істері басқармасындағы Б есімді мемлекеттік қызметшіге қолданылған тәртіптік жаза бойынша Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану Қағидаларының талаптары өрескел бұзылғандығына байланысты, тәртіптік жаза қолдану туралы бұйрықтың күші жойылды.
Сонымен қатар, Маңғыстау облысының дін істері басқармасының басшысына Агенттік төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығы Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалаудың кейбір мәселелері бойынша «Бағаланатын тоқсанда қолданылған тәртіптік жаза ескеріледі» - делінгеніне байланысты Департаментпен Маңғыстау облысының дін істері басқармасындағы Б есімді мемлекеттік қызметшіні қайта бағалау туралы ұсыну енгізілді.
Н. есімді мемлекеттік қызметшінің Маңғыстау облысының Әкімдігіне қарасты басқарманың қызметінен шығуына байланысты төленетін өтемақысын төлеу туралы Департаментпен ұсыным енгізіліп, желтоқсан айында басқарманың үнемделген қаржы есебінен төлеу туралы құқығы қалпына келтірілді.
Сондай-ақ, Г. есімді мемлекеттік қызметкердің мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссия қызметіне қатысты «Мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік жаза қолдану туралы қағида» талаптарына қатысты туындаған мәселесі бойынша Департамент тарапынан талдау, түсіндіру жұмыстары жүзеге асырылып, мемлекеттік қызметкердің мәселесі оң жауабын тапты.
Мемлекеттік қызметшілердің тиесілі бонустарын беру жөнінде Маңғыстау облысының цифрлық технологиялар басқармасына және Маңғыстау облысының әділет департаментіне тексеру нәтижесінде ұсынулар енгізіліп, 3 мемлекеттік қызметшінің құқықтары қорғалды.
Сонымен қатар, Қ. есімді мемлекеттік қызметшіге Мұнайлы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен қолданылған тәртіптік жазаның күші жойылды. Бұл ретте мемлекеттік қызметкердің құқығын қалпына келтіру тексеру нәтижесімен енгізілген ұсыну арқылы жүзеге асырылды.
Мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға іріктеу және конкурс өткізудің қағидалары бойынша Ш. есімді мемлекеттік қызметкердің мемлекеттік қызметке конкурсқа түсуіне байланысты сұрау салуына қатысты Департаментпен талдау, түсіндіру жұмыстары жүзеге асырылып, мемлекеттік қызметкердің мәселесі оң шешімін тапты.
Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама нормаларының сақталуын бақылау Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басты назарында.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңесінің төрағасы Т. Жұмағұлов