Қарақия ауданында балық шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды

Қарақия ауданында балық шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды

 Қарақия ауданында Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасының қатысуымен кәсіпшілік балық аулау және акваөсіруді дамыту мәселелеріне арналған жиналыс өтті. Басқосудың мақсаты-саланы дамыту бағытындағы заңнамалық талаптарды түсіндіру, кәсіпкерлер мен балық шаруашылығы иелеріне нақты ақпарат беру және өзекті мәселелерді ашық талқылау болды.

Жиналысқа Маңғыстау облысының балық шаруашылығы басқармасының басшысы Мулдашев Арман Бағытжанович арнайы қатысып, өңірдегі балық шаруашылығының қазіргі жағдайы мен даму перспективасы жөнінде жан-жақты баяндама жасады. Сондай-ақ ол шаруашылық субъектілерін толғандырған сұрақтарға жауап беріп, саладағы негізгі талаптар мен қолдау тетіктеріне тоқталды.

Күн тәртібіне үш негізгі мәселе көтерілген болатын. Атап айтқанда, кәсіпшілік балық аулау тәртібі мен талаптары, акваөсіруді ұйымдастырудың ерекшеліктері, сондай-ақ Құрық ауылы балықшылары тарапынан түскен өтініштерді қарау мәселелері кеңінен талқыланды.

Жиын барысында кәсіпшілік балық аулауға қатысты заңнамалық нормалар, квоталау жүйесі және ресурстарды ұтымды пайдалану талаптары түсіндірілді. Сонымен қатар акваөсіруді дамытудың өңір экономикасын әртараптандырудағы маңызы атап өтіліп, бұл бағыттағы мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттандырылды.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі