Дүниежүзілік сайлау күніне орай семинарлар ұйымдастырылды

Дүниежүзілік сайлау күніне орай семинарлар ұйымдастырылды

       Қарақия ауданының аумақтық сайлау комиссиясының жоспарына сәйкес дүниежүзілік сайлау күніне орай 2026 жылғы 4-5 ақпан күндері Құрық, Жетібай, Мұнайшы және Сенек ауылдарында учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің қатысуымен семинарлар өткізілді.

       Іс-шаралар аясында «Сайлауға мүгедектігі бар адамдардың тең қатысуын қамтамасыз етуге арналған лекция» және «Кәсіби стандарттар мен ұжымдық шешім қабылдау мәдениетін нығайту мақсатында сайлау комиссиялары мүшелеріне арналған тренинг» тақырыптарында оқыту жұмыстары жүргізілді.

       Семинарлардың мақсаты - сайлау процесіне барлық азаматтардың, оның ішінде мүгедектігі бар адамдардың тең және кедергісіз қатысуына жағдай жасау, сондай-ақ сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру, этикалық нормаларды сақтау және ұжымдық шешім қабылдау дағдыларын дамыту.

        Аталған семинарларға учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерімен қатар Жас сайлаушылар клубының мүшелері және жоғары сынып оқушылары қатысты. Қатысушылар сайлау заңнамасының негізгі талаптары, инклюзивті сайлау ортасын қалыптастыру, кәсіби жауапкершілік пен командалық жұмыс мәселелері бойынша ақпарат алды.

       Өткізілген іс-шаралар сайлау мәдениетін нығайтуға, азаматтық белсенділікті арттыруға және жас ұрпақтың сайлау процесіне деген қызығушылығын қалыптастыруға ықпал етті.