Қарақия ауданында 2026 жылға арналған бюджетті ұлғайту мәселесі талқыланды

Қарақия ауданында 2026 жылға арналған бюджетті ұлғайту мәселесі талқыланды

Қарақия ауданында 2026 жылға арналған аудандық бюджетті ұлғайту мәселесіне қатысты жиын өтті. Жиын барысында аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының 2025 жылғы бюджеттің атқарылу барысы туралы есебі тыңдалып, алдағы қаржылық жылға арналған негізгі бағыттар айқындалды. Қаражаттың мақсатты әрі тиімді жұмсалуы, жоспарланған көрсеткіштердің орындалу деңгейі жан-жақты сараланып, бірқатар өзекті мәселелер көтерілді.

Сонымен қатар 2026 жылға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде кіріс бөлігін ұлғайту басты басымдық ретінде белгіленді. Осыған байланысты салықтық түсімдерді арттыру, қосымша кіріс көздерін анықтау бағытында нақты тапсырмалар берілді.

Жиын қорытындысында аталған 2026 жылға арналған бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту бойынша тиісті құрылымдарға нақты міндеттер жүктеліп, атқарылатын жұмыстардың жоспарын әзірлеу тапсырылды. Бұл шешімдер Қарақия ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге және қаржылық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі