Құрметті кәсіпкерлер!
2026 жылғы 1 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасында сыра мен сыра өнімдерін міндетті цифрлық таңбалау енгізілетінін хабарлаймыз.:
Осыған байланысты сыраны бөлшек саудада өткізетін барлық кәсіпкерлерге (дүкендер, минимаркеттер, сауда нүктелері, қоғамдық тамақтану орындары) Тауарларды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесінде (ТТҚ АЖ) алдын ала тіркелу қажет:https://tanba.markirovka.kz/.
Таңбалау Data Matrix кодтарын қолдану арқылы жүзеге асырылады;
2026 жылғы 1 ақпаннан кейін сәйкестендіру құралдарынсыз сыра мен сыра өнімдерін өндіруге және импорттауға тыйым салынады;
Сыра мен сыра өнімдерін міндетті таңбалау енгізілген күнге дейін (бекітілген тізбеге сәйкес) өндірілген таңбаланбаған қалдықтар тауар айналымына қатысушылар тарапынан 1 (бір) күнтізбелік жыл ішінде өткізіледі.
Нормативтік негіздер:
Бөлшек саудада өткізушіге қажетті іс-шаралар:
Тіркелу сілтемесі:https://tanba.markirovka.kz/
Нұсқаулыққа сілтеме: https://youtu.be/jgLq862MZfg
Сатылымның тоқтатылуын және айыппұл санкцияларын болдырмау мақсатында тіркеуден және дайындықтан алдын ала өту ұсынылады.
Сұрақтар туындаған жағдайда ТТҚ АЖ техникалық қолдау қызметіне хабарласу ұсынылады:
Телефон: 8 800 080 65 65
Telegram: +7 708 825 32 72, WhatsApp: +7 700 198 87 57