Дүниежүзілік сайлау күні аясында Құланды ауылында семинар өтті

Дүниежүзілік сайлау күні аясында Құланды ауылында семинар өтті

        2026 жылдың 2 ақпан күні Құланды ауылындағы округтік және учаскелік сайлау комиссия мүшелеріне Қарақия ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Дүниежүзілік сайлау күніне орай семинар өтті. Семинардың негізгі мақсаты – сайлау процесінің жариялылығы мен есептілігін арттыруға бағытталған түсінік қалыптастыру, сондай-ақ ашық деректер мен цифрлық сервистерді пайдалану мүмкіндіктерін кеңінен таныстыру болды.

        Іс-шара барысында сайлау жүйесіндегі ашықтық қағидаттары, ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету, заманауи цифрлық құралдар мен сервистерді қолдану тетіктері бойынша презентациялар ұсынылды. Қатысушыларға сайлау процесінде ашық деректердің маңызы, оларды тиімді пайдалану жолдары және қоғаммен кері байланысты нығайтудың заманауи әдістері түсіндірілді.