Құрық ауылында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Құрық ауылында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті

Бүгін, 29 қаңтар күні, Қарақия ауданына қарасты Құрық ауылының орталық әлеуметтік базарында қала және аудан кәсіпкерлерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жергілікті тұрғындарды сапалы әрі қолжетімді бағадағы азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету, сондай-ақ отандық тауар өндірушілерді қолдау.

Жәрмеңкеге аудан  мен қала аумағындағы бірқатар кәсіпкерлер қатысып, өз өнімдерін ұсынды. Сауда сөрелерінде ет және сүт өнімдері, көкөністер мен жеміс-жидектер, ұн өнімдері мен басқа да күнделікті тұтынуға қажетті азық-түліктер қойылды.

Жәрмеңке барысында Қарақия ауданының Кәсіпкерлік және туризм бөлімі тарапынан арнайы мониторинг жүргізілді. Мониторинг аясында ұсынылған өнімдердің сапасы, санитарлық талаптардың сақталуы және баға тұрақтылығы назарға алынды. Жауапты бөлім өкілдері кәсіпкерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сауда тәртібінің талапқа сай ұйымдастырылуын қадағалады.

Алдағы уақытта да баға тұрақтылығын сақтау және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің қолжетімділігін арттыру мақсатында осындай жәрмеңкелерді жүйелі түрде ұйымдастыру өзектілігін жоғалтпайды деп сенеміз.

ҚАРАҚИЯ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

#маңғыстау #қарақия