
2026 жылы Қарақия ауданына қарасты ауылдық елді мекендерді абаттандыру бағытында жүзеге асырылатын іс-шараларды пысықтау мақсатында арнайы жұмыс жиыны өтті. Басқосуға ауданға қарасты барлық ауылдық округ әкімдері қатысып, әр елді мекен бойынша жоспарланған жұмыстарды таныстырды.
Жиын барысында ауыл инфрақұрылымын дамыту, көшелерді жарықтандыру, көгалдандыру жұмыстары, сондай-ақ балалар мен спорт алаңдарын салу сынды негізгі бағыттар жан-жақты талқыланды. Әрбір ауыл әкімі 2026 жылға жоспарланған жобалар, олардың іске асырылу кезеңдері мен күтілетін нәтижелері туралы жан-жақты баяндама жасады.
Кездесу қорытындысында жоспарланған жұмыстардың белгіленген мерзімде және сапалы орындалуы басты міндет екені атап өтілді. Тиісті сала басшылары мен ауыл әкімдеріне абаттандыру жұмыстарын тұрақты бақылауда ұстап, тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру жөнінде нақты тапсырмалар жүктелді.
Аталған жоспарлар ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға, елді мекендердің көркеюі мен тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
#маңғыстау #қарақия