«Шешім қабылдаудағы бейтараптық» тақырыбындағы іскерлік ойындар жалғасын тапты

«Шешім қабылдаудағы бейтараптық» тақырыбындағы іскерлік ойындар  жалғасын  тапты

         Дүниежүзілік сайлау күніне арналған іс-шаралар аясында бүгін  Қарақия ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен Бостан ауылындағы учаскелік сайлау комиссиясының мүшелеріне арналған «Шешім қабылдаудағы бейтараптық» тақырыбында іскерлік ойындар өтті.
         Іс-шара барысында қатысушылар сайлау кезінде бейтараптық қағидатын сақтау, әділ әрі объективті шешім қабылдау бойынша тәжірибелік тапсырмалар орындап, өзара пікір алмасты.