Қарақия ауданында «Заң үстемдігі және сайлау легитимдігі» тақырыбында практикум өтті

Қарақия ауданында «Заң үстемдігі және сайлау легитимдігі» тақырыбында практикум өтті

      2026 жылдың 28 қаңтар күні Құрық ауылындағы Қарақия аудандық жастар ресурстық орталығында және 29 қаңтар күні Жетібай ауылындағы № 8 жалпы білім беретін мектебінде дүниежүзілік сайлау күніне орай «Заң үстемдігі және сайлау легитимдігі» тақырыбында практикумдер ұйымдастырылды.

       Бұл іс-шара Қарақия ауданының аумақтық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен өтті. Практикумның негізгі мақсаты – сайлау заңнамалары мен нормативтік актілердің тиімділігін, заң үстемдігі мен сайлау легитимдігі мәселелерін талқылау болды.

Іс-шараға қатысушылар:
Практикумға Құрық, Жетібай ауылдарындағы учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері, қоғамдық ұйымдардың мүшелері, сондай-ақ жастар ресурстық орталығының қызметкерлері мен ауыл жастары қатысты.

Талқыланған тақырыптар:

  • Сайлау заңнамаларының негізгі принциптері;
  • Заң үстемдігі мен сайлау процесінің легитимдігі;
  • Сайлау комиссиясының қызметі мен оны ұйымдастырудағы

нормативтік актілердің рөлі;

  • Сайлаушылардың құқықтарын қорғау және дауыс беру процесінің

ашықтығын қамтамасыз ету.

Практикумның маңызы:

       Іс-шараның басты мақсаты – жастарға сайлау процесінің маңыздылығын түсіндіру, олардың құқықтық білімін арттыру және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру болды. Сонымен қатар, практикум барысында қатысушылар сайлау заңнамасы мен оның тиімділігі туралы сұрақтарға жауап алып, өз пікірлерімен бөлісті.

       Қатысушылар практикалық мысалдар мен құқықтық актілерді қолдану арқылы сайлау заңнамасын толық меңгеруге мүмкіндік алды.