2026 жылға арналған ауылдарды абаттандыру жоспары талқыланды

2026 жылға арналған ауылдарды абаттандыру жоспары талқыланды

2026 жылы ауылдық елді мекендерді абаттандыруға бағытталған алдағы жоспарларды талқылау мақсатында арнайы жиын өтті. Қарақия ауданына қарасты барлық ауыл әкімдері қатысып, өздеріне тиесілі елді мекендер бойынша жоспарланған жұмыстармен таныстырды.

Жиын барысында инфрақұрылымды дамыту, көшелерді жарықтандыру, жолдарды жөндеу, көгалдандыру, балалар және спорт алаңдарын салу сияқты негізгі бағыттар кеңінен қаралды. Әр ауыл әкімі алдағы жылы жүзеге асырылатын жобалар, олардың кезеңдері мен күтілетін нәтижелері туралы баяндама жасады.

Кездесу қорытындысында жоспарланған жұмыстардың уақытында әрі сапалы орындалуы басты назарда болуы қажеттігі айтылды. Тиісті сала басшылары мен ауыл әкімдеріне абаттандыру жұмыстарының сапасын қатаң бақылауда ұстау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Аталған жоспарлар ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыруға және елді мекендердің көркейіп, тұрақты дамуына бағытталған.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

#маңғыстау #қарақия #қарақияауданы