Қарақия ауданында бірқатар әлеуметтік-инфрақұрылымдық нысандардың құрылысы бақылауда

Қарақия ауданында бірқатар әлеуметтік-инфрақұрылымдық нысандардың құрылысы бақылауда

Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев жұмыс сапарымен Сенек, Бостан және Құланды ауылдарына барып, елді мекендерде жүзеге асырылып жатқан құрылыс және инфрақұрылымдық жобалардың барысымен танысты.

Жұмыс сапары барысында Сенек ауылында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында салынып жатқан өрт сөндіру көлігіне арналған модульдік гараждың құрылысы қаралды. Аталған жоба бойынша 2025 жылғы 21 қазанда мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, нәтижесінде «МайКЕНТ ЛТД» ЖШС жеңімпаз атанған. Қазіргі таңда мердігер мекеме тарапынан құрылыс жұмыстары белгіленген жоспарға сәйкес жүргізілуде.

Сондай-ақ, аудан әкімі Бостан ауылындағы ауылішілік жол құрылысының сапасын бақылап, мердігер мекеменің атқарып жатқан жұмыстарымен танысты. Аталған жобаның мердігері – «СМР Design School» ЖШС. Жоба аясында жалпы ұзындығы 2,3 шақырым жолдың негізі (основание) толықтай төселген, оның ішінде 1,6 шақырымына асфальт жабыны салынған, қалған 700 метрге асфальт төсеу жұмыстары алдағы уақытта жүргізіледі.

Бұдан бөлек, «Қарақия ауданы Бостан ауылында төмен қысымды газ құбырын қайта құрылымдау» нысаны бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіліп, мердігер мекеме анықталды. Аталған жоба бойынша «Design School» ЖШС мердігер ретінде бекітілген. Құрылыс жұмыстары 2025 жылғы 5 қарашада басталып, 2026 жылғы 28 ақпанда аяқталуы жоспарланған.

Айта кетейік, Бостан ауылындағы  4 шақырымды құрайтын төмен қысымды газ құбырының құрылысы толық аяқталған. Тұрғын үйлерге газ қосу жұмыстары жылыту маусымы аяқталғаннан кейін кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.

Жұмыс сапары қорытындысында аудан әкімі жауапты сала басшылары мен мердігер ұйымдарға жұмыстарды сапалы әрі уақытылы аяқтауды, сондай-ақ тұрғындар қауіпсіздігі мен жайлылығын басты назарда ұстауды тапсырды.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

#маңғыстау #қарақия #қарақияауданы