
Қарақия аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне арнайы барып, халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы жан-жақты ақпарат алынды. Бөлім тарапынан көрсетілетін қызметтердің негізгі бағыттары, оларды алу тәртібі және азаматтар үшін қолжетімді мүмкіндіктер кеңінен түсіндірілді.
Атап айтқанда, тұрғындарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, әлеуметтік көмек көрсету, атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау және өзге де әлеуметтік бағдарламалар туралы мәліметтер ұсынылды. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Бұл жоба халықтың әлеуметтік мәселелер бойынша ақпараттану деңгейін арттыруға және мемлекеттік қызметтердің ашық әрі қолжетімді болуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
#маңғыстау #қарақия #қарақияауданы #мемқызмет