Қарақия ауданында экология мен инфрақұрылымды дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды

Қарақия ауданында экология мен инфрақұрылымды дамыту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды

Қарақия ауданында экологияны жақсарту және инфрақұрылымды дамыту бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына 3 мың адам қатысып, 64 арнайы техниканың көмегімен 166 тонна қоқыс шығарылды. Сонымен қатар, аудан бойынша төрт мың түп жасыл желек отырғызылды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев айтты.

Сондай-ақ, былтыр Жетібай және Бостан ауылдарында 18 шақырым жолға құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілді. Аудандық маңызы бар жолдарды күтіп ұстау аясында Аққұдық елді мекенінің жолы тегістелсе, демеушілік қаражат есебінен Бесоқты бағытындағы 20 шақырым жолға қатқыл табанды жол салынды.

Брифинг барысында аудан әкімі Сымбат Төретаев елді мекендердің тазалығына ерекше көңіл бөлінгенін айтты.

-Құрық, Жетібай, Мұнайшы және Бостан ауылдарында 35 мың шаршы метр аумақты қамтыған тарихи қалдықтар тазаланды. «Amanat» партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес 350 дана қоқыс жәшігі сатып алынды. Сонымен қатар, коммуналдық саланы дамыту үшін 12 арнайы техника алынды. Абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстарын жүйелі жүргізу мақсатында «Таза-Қарақия» коммуналдық кәсіпорны құрылды. Аталған кәсіпорынға биыл лизинг арқылы тағы 12 арнайы техника алу жоспарлануда, - деді Сымбат Төретаев.

Қарақия аудаеы әкімдігінің баспасөз қызметі