ҚР Парламенті Сенаты депутаттарымен Қарақия ауданында кездесу өтті

ҚР Парламенті Сенаты депутаттарымен Қарақия ауданында кездесу өтті

ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Сүйіндік Тасеменұлы Алдашев пен Бекбол Тілеумұратұлы Орынбасаровтың Маңғыстау облысына жасаған жұмыс сапары аясында Қарақия ауданына арнайы аялдап, мамандармен кездесу өткізді. Кездесуге Қарақия ауданының әкімі мен орынбасарлары, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы мен мүшелері, сондай-ақ аудан кәсіпкерлері қатысты.

Жиын барысында сенаторлар өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысы, тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасып, халықтың мұң-мұқтажын тыңдады. Аудан тұрғындары мен кәсіпкерлер көкейлеріндегі сауалдарын қойып, бірқатар ұсыныстарын жеткізді.

Өз кезегінде сенаторлар көтерілген мәселелер назарға алынатынын, тиісті салалық мемлекеттік органдармен бірлесе қарастырылатынын атап өтті. Айта кетейік, кездесу ашық диалог форматында өтіп, тараптар арасында өзара түсіністік пен байланыс орнатуға бағытталды.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі