Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасына мониторинг жүргізілді

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасына мониторинг жүргізілді

2026 жылғы 1 қаңтар күні Құрық және Жетібай ауылдарындағы сауда орындарында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шара халықты күнделікті тұтынатын негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасын бақылауда ұстау және бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында ұйымдастырылды.

Мониторинг барысында сауда нысандарындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары тексеріліп, қазіргі таңда өнімдер бұрын бекітілген бағалар бойынша сатылып жатқаны анықталды.

Айта кету керек, бұған дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізіміне 19 түрлі өнім енгізілген болатын. Ал 2026 жылдың қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің тиісті бұйрығына сәйкес бұл тізім 31 атауға дейін кеңейтілді. Аталған өзгеріс халық күнделікті тұтынатын негізгі азық-түлік өнімдерінің бағасына бақылауды күшейтуге, нарықтағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге және әлеуметтік тұрғыдан осал топтардың мүддесін қорғауға бағытталған.

Алдағы уақытта да жауапты мекемелер тарапынан әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп, баға саясатына бақылау жалғаса беретін болады.

Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі